ПОЛИМЕРЛІ ҰНТАҚТЫ БОЯУ

ТОО "Промет"

Полимерлі ұнтақты бояу аспаптардың, қаптамалардың, мысалы, контейнерлер мен шелтерлердің бөлшектері тәрізді әртүрлі жазықтық және кеңістіктік бөлшектері тәрізді металл өнімдерін соңғы өңдеу болып табылады. Біздің мамандарымыздың көмегімен сіз аса қолайлы түсі мен сіздің өніміңізді бояуға арналған полимерлі бояудың фактурасын таңдай аласыз.

Мамандардың жоғарғы біліктілігімен қоса металлдан даярланған өнімдерді бояуға арналған жабдықтардың технологиялық мүмкіндіктері бізге тұрақты жоғарғы сапасы бар тапсырыстарды орындауға мүмкіндік береді!

Бояу учаскесі барлық заманауи талаптарға жауап беретін, жоғарғы сапалы полимерлі бетін қамтамасыз тетін, осыған ұқсас жабдықты өндіру бойынша дүниежүзілік көшбасшысы – италияның «TAISS» компаниясымен өндірілетін ұнтақты бояудың автоматтандырылған желісін ұсынады.

Бояуға арналған бетін даярлау бойынша қондырғы, үдерістің экологиялық тазалығы мен энерготасымалдаушылардың үнемделуін қамтамасыз ететін, жуу суларын тазалаудың тиімді жүйесімен және қайта айналу жүйесімен жабдықталған. Барлық бояу кешені бояудың жоғарғы сапасын өз кезегінде қамтамасыз ететін, автоматты басқару жүйесімен жабдықталған.

Сонымен қоса біздің зауыт үлкен көлемдегі (ірі көлемдегі) өнімдерді бояу үшін пайдаланылатын, сұйық бояу бойынша учаскесі бар. Бұл жерде қарапайым тегістеу, эмальмен бояу, көпкомпонентті эпоксидті бетімен бояу, полиуретанды бояу, сондай-ақ металл бетін салқын мырыш құрамымен бояу тәрізді, бетін ЛСБ (лаксырмен бояу) әртүрлі түрлері жағылады.

Бізге металлдан жасалған кез келген құрылымына, мысалы, сыртқы байланыс торабына арналған контейнерлерге тапсырыс бере отырып, сіз қоршаған ортаның кез келген әсеріне қатысты оның боялуының жоғарғы төзімділігімен қоса, өнімнің сапасы мен беріктігіне сенімді болуыңызға болады. Жаңбыр да, қар да, тозаңды жел, басқа да механикалық ақау келтіретін ақаулар пайдалану барысында біздің өнімдеріміздің металл бөлшектерінің бетінің тұтастығын бұза алмайды. Біз соның ішінде және сондықтан да біздің контейнерлердің, блокты-модульді ғимараттардың, шелтерлердің, антенналардың, діңгектердің және басқа да байланыс құрылғыларының  мерзіміне он жылға дейін кепілдеме береміз!