ЛАЗЕРМЕН КЕСУ

ТОО "Промет"

Металлды лазермен кесу – бұл табақ металлдарын пішу (жаймалау) саласындағы жаңалығы. Дәстүрлі әдістермен салыстырғанда лазермен кесу бірқатар даусыз артықшылықтарға ие:

  • лазермен кесу кезінде өңделінетін металлға механикалық әсері болмайды;
  • бір нүктеге топталған лазерлі сәулесі оның жылу физикалық ерекшеліктеріне тәуелсіз кез-келген матриалды кесуге мүмкіндік береді;
  • лазерлі басының жайғастырылуының дәлдігі 0,08 мм құрайды, осының есебінен дайындама элементтерінің өзара орналасуының жоғарғы дәлдігіне жеткізіледі;
  • лазер сәулесі шамамен 0,25 мм диаметрге ие, бұл диаметрі 0,50 мм саңылауды жасауға мүмкіндік береді;
  • лазер сәулесінің қуаты үлкен болғандықтан лазермен кесу үдерісінің жоғарғы өндірімділігі қамтамасыз етіледі;
  • лазермен кесу мүмкіндігін пайдалана отырып, кез келген табақ материалының күрделі пішіні бойынша кесуге болады.

Жұртқа мәлім болғандай, жіңішке бағытталған жарық ағыны объектілерді өте жоғары температураға дейін қыздыруға қабілетті. Лазерлі сәуле өте кішкентай диаметрмен және жоғары қарқындылықты сипаттайтын, дәл осы ағынды ұсынады. Лазер сәулесі металл немесе басқа да қатты бетіне түскен кезде соңғысы қыздырылады. Қыздыру температурасы соншалықты жоғары болғандықтан, байланысу нүктесіндегі металл табағы ери бастайды: сонымен бірге, сәулеге тікелей жақын орналасқан металл учаскелері қыздырылады, бірақ ақау келтірілмейді. Сәулені ақырын жылжыта отырып, біз мінсіз жіңішке қыры бар өте жіңішке кесуді құрастырамыз, сонымен қоса кесу қырының өңдеу сапасы металлдың таңбасына, қалыңдығына байланысты емес болады.

ByStar4020 лазерлі білдегі – бұл металлды лазерлі пішу қондырғысы – жоғарғы дәлдікті және жылдамдығы жоғары лазерлі кесуге арналған табақ металлынан өнімдерді жаппай өндіру үшін заманауи шешім.

Сәуленің қуаты – 4 кВТ, 25мм дейінгі табақтың  бастапқы қалыңдықтағымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, өңдеу дәлдігі – 50 мкм, кесу жылдамдығы -  минутына 50м. дейін.