Компания бүгін

ТОО "Промет"

"Промет" ЖШС  металл құрылғыларының зауыты 2007 жылы құрылды. Ол 2008 жылы пайдалануға толығымен енгізілген заманауи өндірістік металл-өңдеуші кешенінен тұрады. Зауыт танымал дүниежүзілік өндірушілерінің жоғарғытехнологиялық жабдығымен жабдықталған.

Кәсіпорын отандық тауар өндірушілерінің тізіміне кіреді және әртүрлі күрделіліктегі технологиялық контейнерлердің 150 аса түрін, блокты-модульді ғимараттарын, сондай-ақ антенна-діңгекті құрылыстарын (АДҚ), шағын-шелтерлерді, жабдықтарға арналған шкафтарды, металл жиһаздарды, кабель жаймаларын және көптеген басқа өнімдерін шығарады. Салалық қолдану мен шығарылған өнімдерді пайдалану – телекоммуникация (магистральды байланыс желілеріне арналған байланыс объектілері, жедеқағыл және ұялы байланыс, транкингтік байланыс және т.б), мұнай газ саласы (барлау объектілері мен тасымалды басқару объектілері және т.б), энергетика (электр қуатын үйлестіру объектілері және т.б).

Металл құрылғыларын өндіру заманауи әдістер мен жобалау стандарттарына сәйкес өңделген, жоғарғы сапалы құрылымдаушы-технологиялық құжаттардың негізінде  жүзеге асырылады.

Өнімдерді шығару кезінде пайдаланылатын, материалдар компанияның технологиялық талаптарына сәйкес, сапа сертификаттары бар. Сондай-ақ тапсырыс берушінің ұсынылатын материалдарымен жұмыс істеу мүмкіндігі бар.